+7 7112 24-59-47

AQJAIQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясы

Кері байланыс | Барлық байланыс

Кері байланыс

Яндекс.Метрика

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан және республиканың орталық, оңтүстік облыстарына және Орта Азия елдеріне енгізетін қақпа болып табылады.

Облыс территориясы 151,3 мың шаршы шақырымға тең.

Ресей Федерациясының Астрахань, Волгоград, Саратов, Самара, Орынбор облыстарымен және Қазақстанның Ақтөбе және Атырау облыстарымен шектесіп жатыр,  олармен теміржол желілері, автомобиль, су және әуе көлік жолдары арқылы байланысады.

Жер бедері

Аймақтың рельефі жазық. Облыстың солтүстігінде және солтүстік-шығысында Жалпы Сырт сілемі және Предураль платосы бар. Оңтүстігінде  Прикаспий ойпаңы шегінде Нарынқұм құмдары орналасқан: Көкөзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және басқалары. Климаты шұғыл континенталды.

Гидрография

Облыс аумағы бойынша облыстағы басты су артериясы болып табылатын Жайық өзені ағып жатыр. Басқа да ірі өзендер бар: Сарыөзен, Қараөзен, Қалдығайты, Өлеңті, Бұлдырты, Шыңғырлау. Ірі көлдер: Шалқар, Аралсор, Боткөл, Жалтыркөл, Сұлукөл және тағы басқа.

Топырақ

Топырақ күңгірт-сарғылт, салғырт,  ашық сарғылт, сортаңды болып келеді. Дәнді-әр түрлі шөпті, дәнді-жусанды, жусанды-бидайықты өсімдіктер басым.

Орал өңірі пайдалы кендерге бай болып келеді, оның ішінде басымдысы мұнай мен газ, бұл ретте Қарашығанақ кеніші әлемдегі ең бай кеніштердің бірі болып саналады.

Әкімшілік-территориялық бөлінуі

Облыс орталығы Орал қаласында орналасқан.

Облыс халқының саны 2018 жылдың 1 сәуірге 646 089 адамды құрады, оның ішінде қалалық жерлерде 330,4 мың адам, ауылдық жерлерде –313,5 мың адам.

Халықтың тығыздығы облыс бойынша орта есеппен (аумақтың 1 шаршы метріне) 4,0 адамды құрайды. 

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік, тарихи және мәдени орталығы.

Қала 1613 жылы құрылды және Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігінде орналасқан. Жайық өзені орта, ағысының оң жағалауында, өзеннің Қазақстан Республикасының аумағындағы ұзындығы – 1082 км. Және Шаған өзені төменгі ағысының сол жағалауында.

Қала маңын есептегенде қала территориясы 700 км2 асады.

Тұрғындар саны –300 128 адам.

Қала аумағында 3 селолық округтер бар: Желаев, Зачаган, Круглоозерный, жалпы тұрғындар саны 22,0 мың адам.

Орал қаласынан Астана қаласына дейнгі арақашықтьқ – 1747 км.

Аймақтың әкімшілік-территориялық құрылымына 12 аудан жатады: 

  • Ақжайық ауданы – Чапаев ауылы
  • Бөкей ордасы  ауданы  – Сайқын ауылы
  • Бөрлі ауданы – Ақсай қаласы
  • Жаңақала ауданы – Жаңақала ауылы
  • Жәнібек ауданы – Жәнібек ауылы
  • Бәйтерек ауданы – Перемётное ауылы
  • Казталов ауданы – Казталовка ауылы
  • Қаратөбе ауданы  – Қаратөбе ауылы
  • Сырым ауданы – Жымпиты ауылы
  • Тасқала ауданы – Таскала ауылы
  • Теректі ауданы – Федоровка ауылы
  • Шыңғырлау ауданы – Шыңғырлау ауылы

Қаланың көрікті жерлері

Оралдың бейнесі бірегей және қайталанбас, әсіресе өзінің XVIII – XIX ғасырлардағы тарихи ескерткіштерімен ерекшеленеді: Е. Пугачев үйі, Ескі собор, Храмом Христа Спасителя, атамандардың үйі, Карев үйі, облыстық әкімдік ғимараты, қалалық мәдением және демалыс саяжайы. Қаланы заманауи ететін жаңа шағын аудандар мен зәулім тұрғын үйлер, аэро- және темір жол вокзалдарының ғимараттары, Абай, С. Датов, М. Мәметова, И. Чапаев, А.С. Пушкинге арналған ескерткіштер, мәңгілік алауы бар Жеңіс Мемориалы және тағы да басқалары.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-желтоқсан 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 97,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Тұрмыс деңгейі

2018 жылғы III тоқсанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 97760 теңгені құрады. 2017 жылғы III тоқсанға қарағанда атаулы ақшалай табыс 15,6%-ға, нақты ақшалай табыс 9,3%-ды жоғары.

2018 жылғы желтоқсанда тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 24402 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,7% артты. Азық-түлік қоржынының бағасы 13421 теңгені құрады.

Еңбек нарығы және еңбекақы төлеу

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы желтоқсаның соңына
3088 адамды құрады, жұмыс күші (экономикалық тұрғыдан белсенді халық) санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,9% құрады.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте бір қызметкерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 151478 теңгені құрады.
2017 жылғы тиісті кезеңге атаулы жалақы индексі 110,9%, нақты жалақы индексі 104,4% құрады.

Баға

Тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3% құрады. Сонымен бірге азық-түлік тауарларына баға индексі 104,5%, азық-түлік емес тауарларға - 106,2%, ақылы қызметтерге - 105,3% құрады. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағаларының индексі 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанға қатысты 116,5% құрады.

Ұлттық экономика

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі бағалау есебімен 453 млрд. теңге немесе 2017 жылдың деңгейіне 102,7% құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2019 жылғы 1 қаңтарға 10960 бірлікті, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бары – 10638 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 7955 бірлікті, оның ішінде шағын кәсіпорындар - 7633 бірлікті құрады.

Сауда

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы «Сауда» (көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу) саласы бойынша нақты көлем индексі 100,3%-ды құрды.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек сауда көлемі 305,3 млрд. теңге немесе 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 100,1% құрады (салыстырмалы бағада).

Көтерме сауда көлемі 335,8 млрд. теңге немесе 2017 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейіне 100,1% құрады (салыстырмалы бағада).

Экономиканың нақты секторы

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 2471,3 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2017 жылдың деңгейіне 95,7% құрады, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда - 95,4%, өңдеу өнеркәсібінде – 111,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда - 87,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда - 84%.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылықтары жалпы өнімінің (қызметінің) көлемі
140,7 млрд. теңге немесе 2017 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 94,9% құрады.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 133,5 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың деңгейіне 112,2% құрады. Тұрғын үй құрылысына 41,8 млрд. теңге жұмсалды (2017 жылдың деңгейіне 101,5%), 432,2 мың шаршы метр (2017 жылдың деңгейіне 110,2%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанына «Көлік» (көлік және қоймалау) саласы бойынша нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады. 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 3083,5 млн. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 0,2% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 8677,9 млн. жкм құрап, 1,7% артты.

Қаржы жүйесі

Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2018 жылғы қарашаның соңына
249,4 млрд. теңгені құрады. Шетел валютасындағы кредиттердің үлес салмағы 11% құрады. Халық депозиттері
198,8 млрд. теңгені құрады.

 

© 2019 «Aqjaiyq» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы

090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қ., Чагано-Набережная көшесі, 84